Павлодарда болат құбыр өндірісі жоспарлануда

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Болат құбыр өндірісі Ақсу қаласында осы жылдың үшінші тоқсанында іске қосылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жобаның жалпы құны 1 млрд 100 млн теңгені құрайды. Кәсіпорын 200 млн теңгеге займ бойынша пайыздық үстемемен субсидиялауды сұрап отыр, деп хабарлайды Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазір өндіріс орнының 80 проценті дайын, құрылғылардың біраз бөлігі әкелінді. Соңғы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жапсарсыз құбырларға арналған негізгі жабдықтарды жеткізетін серіктестер алдын ала төлемнің 30 процентін алды және оның өндірісіне кірісіп кетті. 

Соңғы жаңалықтар