Павлодар зауыты толық қуатта АИ-92 бензинін өндіруге кірісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар мұнай-химия өндіру зауыты толық қуатта яғни тәулігіне 4,2 мың тонна АИ-92 бензинін өндіруге кірісті. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуаныш Құдайбергенов мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда АИ-92 бензинінің қоры 182 мың тоннаны құрайды. Өткен аптадан қарағанда 6 мың тоннаға өсім бар. Жалпы, АИ-92 бензині бойынша жағдай тұрақталғанын көріп отырмыз. Бұл ең алдымен Павлодар мұнай-химия зауытындағы жөндеу жұмыстарының аяқталуымен байланысты. Белсенді түрде жасалған импорт та өз әсерін беріп отыр. Өздеріңіз білетіндей, қазан айында 100 мың тонна АИ-92 бензин импортталған болатын. Сондай-ақ импорттау бізде тоқтамайды. Бұны негізге ала отырып, бензин жеткілікті екенін айтуға болады», - дейді ол.
Қуаныш Құдайбергеновтың сонымен бірге АИ-95 бензиніне қатысты ахуалды айтып берді
«Қазан айында АИ-95 бензинін өндіру төмендеген болатын. Қараша айында АИ-92 бензиніне қатысты жағдай тұрақталып келе жатқанын ескере отырып, АИ-95 бензинін зауыттарда өндіру өсетін болады. Жоспар бойынша 20 мың тонна АИ-95 бензинін шығаруды жоспарлап отырмыз. Әлбетте, барлығын да Павлодар МХӨЗ-ге қатысты сұрақтар қызықтырып тұрған болар. 26 қазанда Павлодар МХӨЗ жөндеу аяқталды. 1 қарашадан бастап бензин өндіріле бастады. Кеше католеикалық крекинг іске қосылды. Бұл дегеніңіз Павлодар МХӨЗ-де тәулігіне 4 200 тонна бензин өндіріле бастайды деген сөз. Демек, бензин бойынша Павлодар МХӨЗ өзі жоспары бойынша толық қуатта бензин өндіруге қол жеткізді», - дейді Қуаныш Құдайбергенов.

Соңғы жаңалықтар