Павлодар облысында шетелдіктердің әкімшілік айыппұлы 200 млн теңгеге жетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Соңғы екі жылда Павлодар облысында әкімшілік айыппұлдардың 15 пайызы ғана өтелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Павлодар облыстық прокуратурасы үйлестіру кеңесінің отырысында шетелдік азаматтардан әкімшілік айыппұл өндіру мәселесі талқыланды. Аймақ прокуратурасының мәліметінше, соңғы екі жылда оларға қатысты 16000 әкімшілік  хаттама жасалған. Айыппұлдың жалпы көлемі 245 миллион теңгені құрайды. Оның 38 миллион теңгесі немесе 15 пайызы ғана өндірілген.

Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысында шетел азаматтарынан айыппұл өндіруді жақсарту бойынша уәкілетті органдарға кеңестер берілді. Әкімшілік тәжірибе субъектілеріне жадынамалар жасап, құқық бұзушыларға жеті күннің ішінде қарызын өтеген жағдайда айыппұл көлемін 50 пайызға дейін төмендету мүмкіндігі қарастырылатынын түсігдіруге кеңес берілді. Ал, ішкі істер департаментіне айыппұлдарды төлеу үшін патрульді мобильді терминал қызметтерін жабдықтау тапсырылды. Шекара бақылауы нысандарында да айыппұл төлеу терминалдарын орнату тапсырылды. Енді өтелмеген айыппұлдардың 98 пайызы жол жүру ережесін бұзу болғандықтан, құқық бұзушының құжаттарын дәл жол үстінде тәркілеу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.  

Соңғы жаңалықтар