Павлодар облысында МӘМС-тен 70 миллионнан астам теңге жиналды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының тұрғындары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 70 млн 537 мың теңге жинады. 

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Қасымов айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

«Еліміз бойынша жалпы 1 миллиард 470 миллион теңгедей жиналды», - дейді Нұрлан Қасымов. «Мемлекет есебінен халықтың осал топтарына ғана төлемдер жасалады. Ондай топтар саны - 15. Егер мүгедек немесе зейнеткер өз мәртебесін растаса, жұмыс беруші мен олардың өздері де ақша төлемейді. Әркім өзінің жалақысы мен мүмкіндігіне қарай сақтандыруға төлейді. "Бай адамдар кедейлер үшін, дені сау тұрғындар науқастар үшін" қаражат салады. Мәселен, бір жылда сіздер 30 мың теңге көлемінде ақша аударасыз. Ал буындарды алмастыру бойынша жасалатын отаның құны 850 мың теңге тұрса, өзге оталардың бағасы бір жарым миллион теңге көлемінде. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың арқасында барлығы тегін жасалады».

 Спикердің айтуынша, қорға жиналған қаржы ақылы медициналық қызметке бағытталады. Яғни бұл ақша медицина мекемесінің инфрақұрылымына жұмсалмайды деген сөз. Айта кетейік, Павлодар облысында бес мыңнан астам адам өз мәртебесін әлі де дәлелдемеген.  

Соңғы жаңалықтар