Павлодар облысында қысқы дизель отыны өндірілетін болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпорындағы алғашқы өнімді қаңтар айында шығару жоспарланып отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.

Қысқы дизель отынын өндіретін зауыт Екібастұздың жанындағы Шідерті кентінде салынды. Кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 30 мың тоннаны құрайды. Барлығы 28 адам жұмыспен қамтылған. Арктикалық солярканы жазғы дизель отынын катализатормен парафиннен арылту әдісі арқылы алады.
null 

«Павлодар облысының мұнай өнімдері нарығында ірі ойыншылармен келісімшарттарға қол қойылды», - дейді «Alef Trade» ЖШС-нің бас инженері Сергей Шевелев. - Біздің өнімнің басым бөлігі Бозшакөл тау-кен комбинатына арналған. Жалпы, қазақстандық нарықтың арктикалық дизель отынына қажеттілігі 120-130 мың тоннан құрайды. Сондықтан әрі қарай өндіріс көлемін жылына 50 мың тоннаға дейін арттыруды көздеп отырмыз.
null 

Зауытта болған Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қысқы дизель отынын шығаратын кәсіпорынның өңір үшін және жалпы елімізге маңызы зор екенін атап өтті.

«Бізде теріс температуралар қазан және қараша айларында байқалады, - деді облыс әкімі. - Ал, минус 20 градус аязда құрамында парафині бар дизель отыны кисельге айналады. Сондықтан қысқы отын бізге өте қажет. Бұл - ҮИИД бағдарламасы бойынша енгізілген жетінші жоба. Аталмыш жобаға бастамашы болған азаматтарды «Павлодар» арнайы экономикалық алаңына шақырдық. Дегенмен әзірге олар өз жоспары бойынша дамуды жөн санап отыр.
null 

Айта кетерлігі, жаңа зауыттың ашылуымен Қазақстанда солярка өндірісіне қатысты жағдай өзгереді деп күтілуде. Өндірушілер қысқы отынның бағасы 5-10 пайызға төмен болады деп уәде беруде.

Соңғы жаңалықтар