Павлодар облысында құтқарушылар балаларды мектепке арнайы техникамен тасып жүр

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Баянауыл ауданының Көкдомбақ ауылында құтқарушылар жасағының қызметкерлері арнайы техникамен балаларды мектепке тасуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жаңажол ауылында құтқарушылар энергия үнемдеуші кәсіпорындардың қызметкерлерін бұзылған электр беру жолдарын қалпына келтіру үшін жеткізіп, нәтижесінде 200 метр ЭБЖ жөнделді, деп хабарлайды Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Көкдомбақ ауылында құтқарушылар жасағының қызметкерлері «ТРЭКОЛ» жол талғамайтын арнайы техникасымен оқушыларды оқу ғимаратына алып барып, қайта алып қайтуда. Соның арқасында оқу процессі тоқтап қалмады.

Баянауыл ауданы географиялық орналасуы мен жерінің рельефті болуына байланысты Павлодар облысындағы төтенше жағдайлар жиі орын алатын аумаққа жатады. Жазда, өрт қаупі кезеңінде құтқарушылар ұлттық табиғи парктің өрт қауіпсіздігіне баса назар аударса, көктемде су тасқынына ерекше көңіл бөледі.

Соңғы жаңалықтар