Павлодар облысында қарға батқан машинадан ер адам құтқарылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында көлігі жол жиегіндегі жырадағы қарға батқан ер адам полиция қызметкерлерінің көмегімен құтқарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«20:00 шамасында Павлодар тұрғыны қолайсыз ауа райына қарамастан «Nissan Cedric» маркалы автокөлігімен Екібастұзға жолға шыққан. Күре жолда көлікті басқара алмай, жырадағы омбы қарға түсіп кеткен», - дейді Павлодар облысы ішкі істер департаментіндегілер.

Ер адам жалғыз өзі көлігін жолға шығара алмаған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, көмек келгенше бір сағаттай аязда қалып қойған. Оқиға Павлодар - Қызылорда автожолының 44-ші километрінде болған.

«Аға сержанттар Бауыржан Төкенов пен Азбек Қамзин төбесіне дейін қарға батқан машинаны көріп, көмекке келген. Олар қарды күрекпен күреп, машинаны шығарды», - дейді полициядағылар.

53 жастағы жүргізуші полицияға алғысын айтып, үйіне қарай жол тартты.

Соңғы жаңалықтар