Павлодар облысында биыл 300 мың шаршы метр баспана салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда тұрғын үй құрылысының қарқынын арттырып, 2018 жылы 300 мың шаршы метр баспана салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Өткен жылы Павлодар облысында 240 мың шаршы метрден астам тұрғын үй бой көтерген болатын. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық. Бұл көрсеткіш биыл тағы 1,5 есеге өспек. Сол себепті өңірдің негізгі құрылыс алаңы - «Сарыарқа» шағын ауданында жұмыс бір сәтке де тоқтатылмайды.

«Қазір «Алюминий құрылыс» шағын ауданынан қоныс аударғандар үшін екі үй салынуда. Дәл сол жерде несие және жалдау жолымен берілетін алты көпқабатты үй бой көтереді. «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тағы бір тұрғын үйдің құрылысын жүргізуде. Екібастұзда бірден жеті үйдің құрылысы басталып кетті. Ақсуда бір көпқабатты үй тұрғызылса, Қашыр ауданының орталығында екі үй пайдалануға берілмек. Бұған қоса, қала құраушы кәсіпорындардың есебінен бес үй бой көтермек. Оның үшеуі Павлодар қаласына, қалған екеуі Екібастұз бен Ақсу қаласына тиесілі. Өңірде коммерциялық тұрғын үй құрылысымен айналысатындар да бар. Бұл бағытта көпқабатты төрт үй салынбақ», - дейді Павлодар облысының құрылыс басқармасында.

Сонымен қатар, 2018 жылы «Достық» шағын ауданында инженерлік коммуникациялардың құрылысы басталады. Бұл - электр, су және жылу жүйелері мен байланыс. Негізгі магистральдық және ішкі кварталдық желілер 2018-2019 жылдары жасалады.

Соңғы жаңалықтар