Павлодар облысында 1169 бала азаматтар отбасына тәрбиелеуге берілген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында соңғы үш жылда 1169 бала азаматтар отбасына тәрбиелеуге берілген. 

 Бұл туралы білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жомарт Қарамбаев айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

 «Оның ішінде 799 жеткіншек - қамқоршылық және қорғаншылыққа, 118 бала патронаттық тәрбиеге тапсырылған және 252 бала асырап алынған», - дейді Жомарт Қарамбаев. - Ағымдағы жылы қаңтар айынан бастап отбасылық орналастырудың жаңа нысандары енгізілді - қабылдау және қонақ отбасы. Қазіргі уақытта Железин, Успен және Качир аудандарында 18 бала қабылдаған төрт отбасы құрылды. Олардың ата-аналары - біздің педагогтар. Өңірде жеті арнайы жалпы орта білім беру мектептері мен мектеп-интернаттарда  840 бала білім алады. Ведомство ұсынған ақпаратқа сүйенсек, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін облыста жалпы контингенті 529 адамды құрайтын 13 білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Оның ішінде 91-і кәмелет жасына келсе де 23 жасқа дейін жастар үйінде тегін тұру мүмкіндігіне ие".

 Еске сала кетейік, биыл Железин ауданының Жолтаптық ауылында алғашқы қабылдаушы отбасы ретінде Сергей Друзик және Надежда Алексеевна Качир балалар үйінен төрт баланы қабылдады. Успен балалар үйінен бір жанұядан шыққан бес баланы қамқорлығына алған Вадим Мороз бен Тамара Мороз бір күнде көп балалы отбасы атанған болатын. 

Соңғы жаңалықтар