Павлодар облыстық білім басқармасына жаңа басшы келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы білім беру басқармасы басшылығына Дінислам Болатханұлы тағайындалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Басқарманың жаңа басшысын облыстық мәслихаттың сессиясында өңір басшысы Болат Бақауов таныстырды.


Дінислам Болатханұлы 1978 жылы туған. 1999 ж. Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі филолог, қазақ тілі және әдебиеті оқытушысы. 2011 ж., Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі «құқықтану бакалавры». Филология ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы болып бастады. 2002-2007 жылдар аралығында Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті деканының орынбасары, қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы. 2007-2008 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сарапшысы, бас сарапшысы. 2008-2011 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, басқарма бастығы, директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2011-2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының бірінші проректор - оқу ісі жөніндегі проректоры. 
2014 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары. 2014-2016 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры.

2016-2017 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Астана қаласының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы.

Соңғы жаңалықтар