Павлодар мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары аяқталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар мұнай өңдеу зауыты сутегі өндіру қондырғысын жөндеп, іске қосты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі зауыттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«21 желтоқсаннан бастап зауыт мұнай өнімдерінің барлық түрін толық көлемде шығаратын технологиялық  режимге өтуі керек», - деді компания мамандары.

Еске сала кетейік, қарашаның аяғында істен шыққан құны 425 мың еуро тұратын құрылғы арнайы тапсырыспен Англиядан алдырылған болатын. Жедел тапсырыспен жасалған бөлшек 29 қарашада ұшақ арқылы зауытқа жеткізілді. Ақау шыққан коллектордың жөндеу жұмыстарына Қазақстан, Англия, Италия және Ресейдің мамандары қатысты.

Енді зауыт өзінің өндіріс көлемін еш жүктемесіз ақ,  дизельді  тәулігіне 3900 ден 5000 тоннаға дейін, бензинді 3600 ден 4600 тоннаға дейін  ұлғайтады.

Сонымен қатар, зауыт 22 желтоқсаннан бастап өз өнімдерін К4 экологиялық класына сәйкес шығара бастайды.

Соңғы жаңалықтар