Павлодар институты жобаларды америкалық ЖОО-лармен бірлесіп атқармақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты америкалық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты жолға қойды. Бұл туралы аталған институттың ректоры Алтынбек Нұхұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ғалымдарымыздың ЕХРО алаңдарында ұсынған бірқатар жобалары  Ресей, Белорусь, Моңғолия, Қытай ғалымдары тарапынан қызығушылық тудырды. Көрмеге ұсынылған білім беру технологияларының топтамасы АҚШ  жоғары оқу орындары өкілдерімен байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Mississippi Valley State University, University of California  университеттерімен өзара ынтымақтастық технологиялар трансфертіне, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, сонымен қатар студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыруға жағдай жасайды», - деді ол Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар оның айтуынша,  Техас университетімен (АҚШ) ынтымақтастық орнатылды.

«Бүгінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты инновациялық ғылымды қажетсінетін салалар технологияларын дайындауға бағытталған білім мен ғылымды дамытудың жаңа үлгісін  жасауды көздеп отыр. Бұл бағытта халықаралық мамандандырылған көрме үлкен рөл атқарды. Көрме негізінде ғылыми-зерттеу қызметі жанданды. Қазақстандағы Тель-Авив университеті қауымдастығымен  «Жастар ортасында жастар кәсіпкерлігі экожүйесін құру» жобасы жүзеге асырылуда.  Мәселен, «Шай саңырауқұлағының табиғи штаммдары негізінде биологиялық байытылған өнімнің өнеркәсіптік өндіріс технологиясын жасау» жобасы коммерцияландырылды. «Алтын Батыр Company» ЖШС-ын аккредитациялау туралы куәлік алынып, аталған  жобаны іске асыруға қатысты 10 келісімшарт жасалды.  ЖОО-да ҚР студенттерінің арасында «Startup-Bolashak-Pavlodar» республикалық Start Up байқауы өткізіліп жатыр»,  -  деді Алтынбек Нұхұлы.

Соңғы жаңалықтар