Пауэрлифтингтен әлем чемпионының өліміне күдікті қолға түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пауэрлифтингтен 120 келіге дейінгі салмақтағы әлем және Еуропа чемпионы Андрей Драчовты өлтірді деп күдік келтіріліп отырған адам ұсталды. Бұл туралы AmurMedia-ға сілтеме жасап, Lenta.ru хабарлайды.

Дереккөздің хабарлауынша, күдікті қамауға алына салысымен оның адвокаттары оған тағылып отырған айып жеңілдетуге кіріскен. Осыған дейін Ресейдің Хабаров өлкесі бойынша Тергеу комитетінің тергеу органдары РФ ҚК-дегі 111 бап, 4 бөлім (Кісі өліміне алып келген қасақана дене жарақатын салу) бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.

Осыған дейін Драчевтың Хабаровс орталығында болған төбелес кезінде оның ауыр жарақат алғаны хабарланған болатын. Спортшы ауруханаға жеткізілгеніне қарамастан қайтыс болып кетті. Бейнежазылымда ер адамның Драчевқа қолмен және аяқыпен бірнеше рет соққы берген соң, пауэрлифтердің құлағаны жазылып қалған. Ол бұдан соң да басынан бірнеше рет соққы алды.

Соңғы жаңалықтар