Пәтер жалдап отырған ақтөбелік жетімдерге кәсіпкер үй алып беруі мүмкін

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде анасының қазасынан соң далада қалған жетімдер әлі де пәтерде тұрып жатыр. Қала әкімі Ілияс Испанов жетімдерге кәсіпкер үй алып беруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Ақтөбеде Сарқұловтар отбасының 4 баласы анасынан айырылып, далада қалғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Отбасының үлкені Абай Жұмабаев анасының сауда жасағанын, баспаналары банктің кепілдігіне қойылғанын, кейін оны сот арқылы банкке аударғанын айтты. Жетімдер мәселесі ел назарына іліккен кезде жергілікті әкімдік «Қолқанат Ақтөбе» қоры арқылы көмектесті . Қазір олар үш бөлмелі пәтерде тұрып жатыр. Ай сайынғы пәтерақыны кәсіпкерлер беріп, балаларды қамқорлығына алған. Үйдің кенжесі Мерген Сарқұловты ағасы Абай Жұмабаев қорғаншылыққа алды.

«Мен інімді қорғаншылыққа алдым. Ол 9 сыныпта оқиды. Үйде үшеуіміз жұмыс істейміз, біреуі үйленді, баласы бар. Қазір ай сайын төленетін пәтерақыны кәсіпкерлер өтеп отыр. Өзім басқа қалада жұмыс істеймін. Сондықтан пәтер кезегіне де тұра алмадым»,- деді Абай Жұмабаев. Ол інісін бір апта бұрын ғана заң аясында қамқорлығына алды. Енді бауырының әр қадамына ағасы жауап береді. Ал әкімдік жетімдерге қатысты бар мән-жайды біліп отыр. Көмек беріледі, бірақ бәрі заң аясында іске асырылуы тиіс.

Айта кетерлігі, «Қолқанат Ақтөбе» қоры қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмектесу үшін құрылған. Қор әкімшілікпен бірге құрылып, жұмысты бірге атқарып отыр. Себебі, бюджет арқылы тек заңға сәйкес көмек беріледі. Ал мұқтаж адамдарға басқа жолмен де көмектесу керек. Абай Жұмабаев және оның інілеріне кезексіз үй бере алмаймыз. Бізде әлеуметтік үй кезегінде 17 мыңнан астам адам тұр. Әрқайсысының жағдайы әртүрлі. Біз «Қолқанат Ақтөбе» қорымен бірге жағдайды бақылауда ұстаймыз. Бір кәсіпкер пәтер мәселесін шешіп беру туралы ойларын айтты. Ол кезде бюджетке түсер салмақ азаяды», - деді Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов. 

Соңғы жаңалықтар