Парижде Қазақстанның әдебиет орталығы ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Париж (Франция) қаласындағы BULAC Шығыс тілдері мен мәдениеті институты кітапханасында Қазақстанның әдебиет орталығының салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған шара «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын халықаралық деңгейде ЮНЕСКО штаб-пәтерінде таныстыру аясында өтеді. Қазақстан әдебиеттері орталығы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Франциядағы Қазақстанның Елшілігінің қолдауымен ашылады.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы халықаралық ЮНЕСКО ұйымының аясында өтетін өтетін «Қоғамдық сананы жаңғырту: қазақстандық жол және Н.Назарбаевтың үлгісі» конференциясына қатысады. Осы іс-шара аясында Ұлттық акакдемиялық кітапхана бірқатар мәдени іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр.

Қазақстанның әдебиет орталығының салтанатты ашылуына Франциядағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Дәненов, BULAC  Шығыс тілдері мен мәдениеті институты  кітапханасының директоры Maria-Lise Tsagouria ханым, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұңалбаева, ЮНЕСКО және ИСЕСКО халықаралық ұйымдарының өкілдері, Қазақстанның қоғам мен мәдениет қайраткерлері және зиялылары, Франциядағы қандастардың қауымдастығының өкілдері, Париждегі ЖОО студенттері қатысады.

Айта кетерлігі, BULAC кітапханасы Шығыс тілдері мен мәдениеті институтының ғимаратында орналасқан. Бұнда құжаттар, кітаптар, баспасөз, монографиялардың және т.б. аса бай қоры сақталған. Кітапханада шығыс тілдерін зерттеу және оқу, сонымен қатар Океания, Азия, Африка және тағы басқа материктер өркениетін зерттеу бойынша мәліметтердің қоры бар. Сонымен бірге, әлем елдерінің тарихы, саясаты және экономикасын зерттеуге көп көңіл бөлінеді.

Осы орайда, Қазақстанның әдебиет орталығының ашылуы шығыс тілдері мен мәдениеті институтының профессорлық-оқытушылық құрамына қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін, өнерімен жақын танысуға мүмкіндік береді. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен оның экономика, саясат, әлеуметтік салаларындағы табыстарын көпшілікке таныстыруға жол ашады.

Орталықта ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, соның ішінде, оның әлемдік саяси аренадағы орны мен рөліне арналған кітаптары, тарих, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеті  бойынша 200-ге жуық кітаптар ұсынылады.

 

Соңғы жаңалықтар