Париж терактісі: Бельгия соты лаңкестерді 20 жылға бостандығынан айырды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - 2015 жылдың қарашасында Парижде болған терактіні ұйымдастырушылардың ішінен жалғыз өзі тірі қалған Салах Абдеслам дүйсенбі күні сотталды. Ол Бельгия сотының шешімімен полицейлерді өлтірмек болғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» меншікті тілшісі.

Полициямен атысқан  С.Адеслам мен оның сыбайласы Суфьен Айари 20 жылға бас бостандықтарынан айырылды, олардың әрқайсысына 12 мың еуро көлемінде айыппұл салынды.

Адесламның  өзі Бельгиядағы сот процесіне қатысудан бас тартқан. Қазір ол террористік шабуылдарға қатысу қылмысы бойынша негізгі айыбы бойынша Франция түрмесінде сот шешімін күтіп отыр. Оның мүдделерін Бельгияның адвокаты Свен Мари қорғайды.

Естеріңізге сала кетейік, Бельгиядағы сот процесі ақпан айында басталды. С. Абдеслам 2016 жылы наурызда Брюссельде тұтқындалған. Ол Париждегі террорлық шабуылдардан кейін полициядан жасырынып жүрген болатын. Қолға түсіру барысында С. Абдеслам сыбайластарымен бірге қарулы қарсылық көрсетіп, полиция қызметкерлерін жаралады.

Францияда ол 2015 жылдың қарашасында болған террорлық шабуыл үшін тағы бір сотты күтуде. Оқиға салдарынан 130 адам мерт болып, 350-ден астам адам зардап шекті. Бельгияда тағайындалған жазасын ол Франция түрмесіндегі мерзімі аяқталған соң өтейді.

Соңғы жаңалықтар