Пара алған мемқызметші пара берген адамнан үш есе артық айыппұл төлейтін болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлордар облысында пара берген және пара алған азаматтар сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми ақпаратқа сәйкес, үстіміздегі жылы Павлодар облысында жеке тұлғалардың лауазымды тұлғаларға заңсыз материалдық сыйлық беру фактісі бойынша 3 факт, ал мемлекеттік қызметшілердің заңсыз материалдық сыйлық алуы бойынша 2 факт анықталды. Аталған істер Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды. Осылайша, мемлекеттік қызметшілерге сыйлық ұсынған үш кінәлі тұлғаның әр қайсысына 200 АЕК айыппұл салынса, пара алған бір мемлекеттік қызметшінің жалғыз өзі 600 АЕК, яғни 1 361 400 теңгенің айыппұлын төлеуге міндеттелді. Қазіргі кезде тағы бір мемлекеттік қызметшінің тура сондай ісі соттың қарауында жатыр.

Айта кетейік, заң бойынша мемлекеттік қызметті атқару кезінде алынған сыйлықтар 7 күннің ішінде арнайы мемлекеттік қорға тапсырылуы шарт.

Соңғы жаңалықтар