Пәкістанда 150-ге жуық адам тірідей жанып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның шығысында бензин тасымалдаушы көліктің аударылуы салдарынан қаза болғандар саны 148 адамға жетті. Бұл туралы жергілікті апаттық-құтқару қызметінің өкіліне сілтеме жасап Ассошиэйтед Пресс  хабарлады.

Бұған дейін 140 адамның ажал құшып, 49-ының зардап шеккені туралы айтылған болатын.

Өрт жексенбі күні таңертең Пенджаб провинциясында болды. Жергілікті тұрғындар трассаға төгілген жанармайды жинау үшін аударылған көліктің жанына жиналған. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, олардың кейбірі шылым шегіп тұрған, оттың тұтануына осы себеп болуы мүмкін. Ондаған автокөлік, соның ішінде 75 мотоцикл мен төрт машина жалын құрсауында қалды. Тілсіз жау ауыздықталды.

Мерт болғандардың денінің аты-жөнін ДНҚ сараптамасынан кейін ғана анықтау мүмкін болады.

Пәкістан басшылығы Пенджабта адамдардың өлімін ұлттық трагедия деп атады. Өзге ел президенттері қаза болғандардың отбасылары мен ел билігіне қайғырып көңіл айтуда.





Соңғы жаңалықтар