Өзбекстанның 9 азаматы ҚР мен РФ шекарасын құпия орын арқылы кесіп өтпек болған

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Тоғыз өзбекстандық азамат Қазақстанның Ресеймен шекарасынан металл сынықтарын таситын жүк көлігіне жасырынып, кесіп өтпекші болған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматтарының жасы - 22-ден 35 жас аралығында, олардың арасында бір әйел болған. Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, заңсыздарды шекара жасағы «Обаған» автомобильді өткізу бекетінде жүк көлігін тексеру барысында анықтаған.

«Жастар шекараны кесіп өту барысында металл сынықтардың астында орналасқан құпия орынға тығылған, - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз хатшысы Индира Құсайынова. - Олар сотта өздерінің бұл әрекетін Ресей Федерациясына баруға тыйым салынғандығымен түсіндірді».

Сот заңсыз мигранттарды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 514-бабы 2-тармағы ( Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара режімiн бұзу) бойынша айыпты деп танып, елден шығару арқылы әкімшілік жазаға тартты. 

Соңғы жаңалықтар