Өзбекстан xалықаралық ықпалын арттыруға кірісті - шығыстанушы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыстанушы Жанат Момынқұловтың ойынша, бүгінде Өзбекстан мемлекеті Қазақстанның тәжірибесі негізінде өз экономикасын нарықтық экономикаға барынша бейімдеуді көздейді. Бұдан бөлек, осы елдің жаңа билігі елдің xалықаралық ықпалын арттыруға кірісті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өзбекстан өз экономикасын либералдандыра бастады. Олар нарықтық экономиканың заңдылықтарына бейімделуді қалайды. Валюталары құнсызданды, девальвация болды. Қазақстан бұның бәрінен 90-жылдары өтіп кеткен. Сондықтан біздің тәжірибеміз олар үшін қызық болып тұр. Мәселен, біз сан алуан экономикалық реформаларға бардық. Өзбекстан болса, әу баста ашылды да, кейін жабылып қалды. Біз бірден реформаны іске асыруға кіріссек, олар бірте-бірте жасауды ұйғарды», - деді Момынқұлов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Сарапшының айтуынша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы жолғы сапары барысында екіжақты бизнес үшін барынша жағдай жасау мәселесі де орынды көтерілді. Соның арқасында инвестицияларды тартып, өзара сауда саттықты арттыруға болады. Өзбекстан арқылы экпортты да ұлғайтуға мүмкіндік бар.

«Негізі, қазіргі кезде Өзбекстан мемлекетіне Қазақстанның қолдауы қажет. Себебі билік ауысқаннан кейін алдымен жақын жатқан көрші елдердің қолдауын іздейді. Шавкат Мирзиёев елдің ішінде қолдау тапты. Енді, шетелдегі ықпалын арттырып жатыр. Өйткені xалықаралық ұйымдарда басқа мемлекеттердің қолдауы қажет. Ал Қазақстан xалықаралық саxнада кеңінен танылып үлгерген», - деп атап көрсетті шығыстанушы Момынқұлов.

Соңғы жаңалықтар