Өзбекстан Сырдарияда су көбейетіндігін ескертті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан Сырдария өзені жағасы мен оның салалары  аумағын  су басу қаупі бар екендігін ескертті, деп хабарлайды Қазгидромет Узгидромет ақпаратына сілтеме жасап.

«Таяу тәуліктерде Сырдарияда су күрт көбейеді және өзеннің Чиназ бекеті маңында  су көлемі секундына  1500-1600 текше метрге жетеді, ал Шыршықтың төменгі ағысында 500-550 текше метр болады. Осыған байланысты өзен салаларындағы аумақ пен учаскелерді су басуы мүмкін»,-делінген Узгидромет (Ташкент) хабарламасында. 

Соңғы жаңалықтар