Өзбекстан президенті Ақтөбеде қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Ақтөбе облысында автобус өртіне байланысты қаза болғандардың отбасылары мен туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы  Ырғыз ауданында автобус өртеніп, соның салдарынан 52 адам қаза болып, 5 адам зардап шекті. Алдын ала мәліметтер бойынша олардың арасында Өзбекстан азаматтары да бар. Осыған байланысты Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қайғылы оқиғадан көз жұмғандардың отбасылары мен жақын туыстарына көңіл айтты», - делінген Өзбекстан Президенті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осы орайда баспасөз қызметі Ш. Мирзиёевтің тапсырмасымен Өзбекстан Премьер-министрі басшылығында арнайы үкіметметтік комиссия құрылғанын еске салып өтті.

«Арнайы үкіметтік комиссияға Қазақстанның өкілдерімен бірлесе отырып, апаттың туындау себептерін айқындау, ел азаматтарының тұлғасын тану, қаза болғандар мен зардап шеккендерді елге жеткізу бойынша шараларды жүргізу міндеттері жүктелген. 18 қаңтарда үкіметтік комиссия мүшелерімен арнайы ұшақ Ташкенттен Ақтөбеге (Қазақстан) ұшты», - делінген Өзбекстан Президенті баспасөз қызметінің мәліметінде.

Айта кетейік, бүгінде Өзбекстан азаматтарының қайғылы қазаға ұшырауына байланысты  Шавкат Мирзиёевтің атына бірқатар елдердің басшылары көңіл айту жеделхатын жолдап жатыр.

Бұдан бұрын хаьарланғандай, кеше болған өрт кезінде 52 жолаушы қаза болды, бес адам аман қалды. Аман қалғандар Ақтөбе облысындағы ауруханаға жеткізілді. Барлығы 57 адам Ресейге бармақ болған. 

Соңғы жаңалықтар