Өзбекстан Орталық банкі доллардың жаңа курсын белгіледі

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанның Орталық банкі 19 қыркүйектен бастап өзбек сумына қатысты шетелдік валюталардың жаңа курсын белгіледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА uznews.uz сайтына сілтеме жасап.

Өткен аптамен салыстырғанда доллардың курсы 14.65 сумға арзандап, 8077.48 сум болған. Еуроның курсы 72.52 сумға төмендеп, 9646.13 сумға түскен.

 «ҚазАқпарат» ХАА бұрын хабарлағанындай, Өзбекстан президенті 2017 жылдың 2 қыркүйегінде валюта саясатын ырықтандыруға қатысты жарлыққа қол қойған болатын.

Соңғы жаңалықтар