Отырарда оқу стандартын жаңарту мәселесіне арналған семинар өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесіне орай ОҚО-дағы Отырар ауданына қарасты Шілік ауылында аудандағы білім ордалары басшыларының қатысуымен 100 нақты қадам Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру аясында «Функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту» атты тақырыпта семинар болып өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

12 жылдық білім беру стандартына бастайтын нақты қадамдарды жаңаша оқыту технологиясы бағытын жүйелі жоспарлау мақсатында өткен шара М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі оқушыларының Тәуелсіздікке арнаған флеш-моб биін және өнерлі жастардың қолынан шыққан қолөнер туындыларын тамашалаумен бастау алды.
Ұстаздар мектеп оқушыларының дайындаған «Тәуелсіздік жемістері» атты әдеби монтажды бағдарламаларын тамашалады. Семинарды аудан әкімінің орынбасары Пернебек Жаппарқұлов ашып, Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке екенін, Тәуелсіз елімізді ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегі екенін айтып, шараға қатысушыларды мерейлі мерекемен құттықтап, сәттіліктер тіледі.

Жиын барысында білім беру жүйесінде-жоғары сыныптарды ағылшын тілінде оқыту туралы тренинг сабақтар өтіліп, мектеп директоры Н.Жұбаев «Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдарлану» атты тақырыпта баяндама оқыды. Семинар соңында ұстаздар өзара пікір алмасып, семинарды қорытындылады.

Соңғы жаңалықтар