Отставкаға кеткен Гамбия президенті елден қуылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні 21 қаңтарда Гамбияның бұрынғы президенті Яйя Джамме қуғынға ұшырап, Экваторлық Гвинеяға ұшып келді, деп хабарлады Reuters.

Осылайша, африкалық елдегі дағдарыс мәселесі шешілді.

Джамме әлемдік қауымдастықтар мен көршілес елдердің қысымымен отставкаға кетті және билік тізгінін президенттік сайлауда жеңіске жеткен Адам Барроуға берді. Джамменің биліктен кеткенін естіген көптеген халық көпжылдық қорқыныштан сейіле түсті.

«Қорқыныш сезімі Гамбиядан мәңгілікке кетті», - деді Барроу Сенегал астанасы Дакардағы қонақ үйге жиналған қауымға.

Гамбияда президенттік сайлау 2016 жылы 1 желтоқсанда өтті. Барроу 45,5 пайыз, Джамме - 36,7 пайыз дауыс жинады. 18 қаңтар күні ұлттық ассамблея сайлауда жеңілген Джамменің президенттік өкілеттілігін ұзартты. Ол 19 қаңтар күні билікті Барроуға беруі тиіс еді, алайда ол өз жеңілісін мойындамай, елде төтенше жағдай жариялады.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі бірауыздан Барроуды қолдап, резолюция қабылдады.

Соңғы жаңалықтар