Өткен жылы 849 балабақша пайдалануға берілді - Мемлекеттік хатшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Астанадағы жаңа үлгідегі балабақшасының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Мемлекеттік хатшы цифрлық дәуірдің барлық заманауи талабына сай елордалық балабақшаның республикадағы балабақшалар үшін үлгі болатынын атап өтті және Қазақстан балаларын мектепке дейінгі біліммен қамту мәселесіне ерекше тоқталды.

 «Республика бойынша өткен жылы 849 жаңа мектепке дейінгі мекеме пайдалануға берілді. Астанада 80-нен астам балабақшалар мен түрлі орталықтар ашылды. Бірақ, қажеттілік әлі де бар.  Қазір еліміздегі 3-6 жас аралығындағы балалардың 90%-ін мектепке дейінгі біліммен қамтып отырмыз. Алда 2020 жылға дейін балалардың 100%-ін балабақшамен қамтамасыз ету міндеті тұр. Сол бағытта жұмысты жалғастырмақпыз», - деді Г. Әбдіқалықова жаңа балабақшаның ашылу салтанатында.

Гүлшара Әбдіқалықова елдегі демографиялық жағдай көрсеткішінің ұлғайғанын атап өтті. Өткен жылы Қазақстанда 409 мың сәби дүниеге келсе, бір ғана Астанада 30 мың бала дүние есігін ашқан.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуына арналған бірыңғай стандарттарды енгізу қажеттігі айтылған. Ол үшін барлық жағдай жасалуы тиіс, балаларға арналған арнайы мекемелер құрылуы керек», - деп өз сөзін түйіндеді Мемлекеттік хатшы.
null null null null

null

null  

Айта кетейік, Астанада ҚР орталық мемлекеттік органдарындағы мемлекеттік қызметшілердің балаларына арналған жаңа үлгідегі балабақша ашылды. 

Соңғы жаңалықтар