Отандық селекционерлер қаракүйе ауруына шалдықпайтын бидай түрін ойлап тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық селекционерлер бидайдың қаракүйе ауруына шалдықпайтын сортын ойлап шығарды. Бұл туралы ҚР АШМ «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Асқар Наметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Өсімдік шаруашылығында соңғы 25 жылда біздің селекционерлер айтарлықтай жемісті еңбекке қол жеткізді. Тәуелсіздік алған жылдары біздің елімізде отандық сорттар болмаған еді. Бүгінге дейін біз барлық өңірлерімізді отандық сорттармен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Соңғы 7 жылда біз генетикалық-биотехнологиялық деңгейде сапалы сорттардың легін анықтадық», - дейді Асқар Наметов.

Баспасөз мәслихаты барысында «ҰАҒББО» Басқарма төрағасы қазақстандық селекционерлердің жетістіктері туралы нақты мысалдарды келтірді.

«Бүгінгі күні көптеген өсімдік шаруашылығының бірнеше саласы әртүрлі биологиялық аурулардың кеселінен өнімділігі төмен болып жататынын құпия емес. Біздің селекционерлер бидайдың қаракүйесінен қорғалған сапалы сортын ойластырып шығарды. Алманың бірнеше түрі бойынша да осындай жетістіктеріміз бар. Сонымен бірге, бактериялық күйіктен қорғалған алманың сорттары шығарылды», - дейді Асқар Наметов.

Оның айтуынша, әлемдегі астық алқабының 4 млн гектарынан қазақстандық бидай сорты орылады.

Соңғы жаңалықтар