Отандық бизнеске білікті мамандар жетіспейді - Шыңғысбаева

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Отандық бизнеске білікті мамандар жетіспейді. Бүгін Талдықорғанда өткен «Білім.Бизнес.Кәсіп» І халықаралық форумында журналистерге сұхбат берген Ләззат Шыңғысбаева осындай пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Л.Шыңғысбаеваның айтуынша, колледждерден білім алған жастардың басым бөлігі жұмыссыз жүр. Өйткені оларға сұраныс  жоқ. Ал кәсіпкерлерге болса заманауи техниканың тілін білетін мамандар қажет. Осындай өзекті мәселенің оң шешімін табу мақсатында ауқымды форум ұйымдастырылды. Облыстық кәсіпкерлер палатасы мен білім басқармасы бірлесе өткізген шараға  шетелден арнайы білікті мамандар шақыртылды. Мәселен, Германиядан келген Трир қаласындағы кәсіптік палатаның үйлестірушісі Альберт Овер  дуальді білім беру жүйесінде жинақтаған тәжірибесімен бөлісуге әзір екенін жеткізді. Ал кәсіпкерлер колледждердің техникалық базасының басым бөлігі заман талабына сай емес деп отыр. Сондай-ақ студенттердің білімі теория жағынан жақсы болғанмен, практика жүзінде әлсіз екенін айтуда. Жалпы Алматы облысына әсіресе туризм, фармацефтика, медицина сынды салаларына кадрлар қажет. Өңір бойынша 73 колледж бар. Онда 32 мыңнан астам студент 68 мамандық бойынша дайындалып шығады.

 

Соңғы жаңалықтар