Өскен өңір: Оңтүстік Қазақстан - өркениетке ұмтылған өлке

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы - кең-байтақ қазақ жеріндегі тарихы терең, құнарлы да қасиет қонған өңірдің бірі. Тәуелсіздік алған жылдардан бері елдің оңтүстік аймағында экономикада, білім мен ғылымда, әлеуметтік-мәдени салада қол жеткен табыстары жетерлік. Облыс орталығы Шымкент қаласы - Қазақстандағы инфрақұрылымы дамыған, өнеркәсіптік және ғылыми мәдени жағынан маңызды, қай жағынан алғанда да аса айшықты шаһарлардың бірі. Бүгінде елімізде үшінші мегаполис саналатын қала тұрғындарының саны миллионға жуықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Жалпы, елімізде әрбір бесінші сәби өмірге келетін Оңтүстік Қазақстан өңірінің өзіндік ерекшеліктері баршылық.  Біріншіден, Оңтүстік Қазақстан облысы  - республикадағы ең өсімтал аймақ.  Бұл аймақ халқының этникалық құрамында тұрғылықты ұлт өкілдерінің үлесі жоғары және демографиялық ахуалында түркі-мұсылман халықтарының өсіп-өнуі шешуші рөл атқарады.

null

Екіншіден, тұрғындардың тығыздығы басқа аймақтармен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Үшіншіден, көнеден келе жатқан, өркениет сабақтастығының ізі жатқан көне қалалардың негізінде жалғасын тапқан ірі қалалар, қалашықтар мен елді мекендер бүгінгі заманауи тіршілікке біте қайнасып отыр. Төртіншіден, табиғат жағдайы мен қоршаған ортасы өзге аймақтарға қарағанда халықтың қоныстануына ерекше қолайлы әрі тиімді жақтарымен ерекшеленеді.  Бесіншіден, экономика игілігінің арқасында шаруашылығы шапшаңдап, жұртшылықтың еңбек етуі қарқынды дамып келеді. Бүгінде аймақ халқының жалпы саны - 2 894 816 адамды құрап отыр.  Яғни, республикада халық саны бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы бірінші орында тұр.

Инвестиция - ел игілігіне қызмет етеді

Өңірді өркендетудің бүгінгі басты бағыттары мен бағдарлары ретінде  түсті металлургия, химия, мұнай өңдеу; құрылыс метериалдары, машина жасау өнеркәсібі; мақта, бидай мен жүгері, күріш пен қызылша, жүзім мен бау-бақша, мал шаруашылығы болып отыр. Сонымен қатар, инвестициалар тарту мақсатында  шетелдік іскерлермен, дипломаттармен байланыс жанданып, түрлі жобалар төңірегінде талқылаулар күшейіп жатыр. Биылдың өзінде қазақ-түрік, қазақ-өзбек секілді бірқатар халықаралық бизнес форумдары өтті. Нәтижесінде Қытай, Түркия, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб әмірлігіннен нақты инвесторлар табылып, облыстың экномикасына қаржы құйылуда. 

инвестиция

Әсіресе, бауырлас Түркия Республикасымен жан-жақты байланыс тереңдей түсті. Атап айтқанда жыл басындағы «Қазақ-Түрік» инвестициялық форумына келген елдің делегациясында 200-ден астам өкіл болды. Екі күнге жалғасқан форум нәтижесінде 5 меморандумға қол қойылды. Жалпы қазіргі кезде түркиялық инвесторлардың қатысуымен Оңтүстік Қазақстан облысында 13 жоба жүзеге асырылып жатыр. Инвестиция құны 18,8 млрд теңгені құрайды. Бүгінге дейін мұның 4 жобасы іске қосылып, өңір экономикасына 3,3 млрд теңге қаржы құйылып, 400 жаңа жұмыс орны ашылды. Негізі түрік кәсіпкерлері үшін Қазақстаннан бірлескен бизнес жобалар бастаудың тиімді тұстары мол.

инвестиция

Еліміз Еуразиялық Экономикалық одақтың мүшесі болғандықтан шығарған өнімдерді Ресей мен Белоруссияға кедендік салықтардан босатыла отырып, экспорттауға мүмкіндік алады. Дәл осы мақсатпен алюминий өнімдерін көрші елдерге шығарып, пайда тапқан «Gold Aluminum» зауыты биыл 2,6 млрд теңге көлеміндегі ПВХ профил дайындайтын екінші жобасына кірісті. Қосымша тағы 60 жұмыс орнын қалыптастыратын цех ағымдағы жылдың соңында іске қосылады.

инвестиция

Көршілес Өзбекстанмен байланыс нығаюда

Соңғы кезде Оңтүстік Қазақстан облысының көршілес жатқан  Өзбекстан республикасымен  байланыс жаңа деңгейге көтерілді. Мақтаарал аумағындағы он жыл бұрын жабылған жол қайта ашылды. Шымкентте Ташкент тауар өндірушілер көрмесі ұйымдастырылды. Оңтүстіктен Өзбекстанға экспортталатын тауарлардың үлес салмағын арттыру көзделуде. Екіжақты бірлескен кәсіпорындар құру жайы да талқыланып жатыр. Екіжақты байланыстың артуы нәтижесінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдары көтеріліп, шешімін таппаған Өгем өзенінен Оңтүстіктің тұрғындары үшін ауыз су каналын тарту жөнінде келісімге келдік. Бұл жоба толықтай жүзеге асқанда Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтаарал ауданындағы 1 миллионға жуық тұрғын сапалы ауызсумен қамтылады. Жергілікті билік аталған мәселені Өгем өзенін ауыз су ретінде пайдалану арқылы түпкілікті шешуге бел буып отыр. Осы мақсатта биылғы жылдың 15 ақпанында Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметі өкілдерінің екіжақты ынтымақтастықты жетілдіру мәселелері жөніндегі бірлескен жұмыс тобы басқосқан болатын. Аталған мәжілісте  Өгем өзенінен көлемі секундына 3-3,5 текше метрге дейін суды бұрып аталған аудандардың тұрғындарына ауыз су ретінде пайдалану мәселесі қаралып, оң шешімін тапты. Ол үшін Қазығұрт ауданының Өгем ауылы тұсынан  Өгем өзенінен құбыр арқылы су бұру жұмыстары жүргізілуі тиіс. Сала басшылары егер қазіргі келіссөздер нәтижелі аяқталса, жоғарыда аталған проблеманы түпкілікті шешуге болатынын айтады. Өйткені Өгем өзенінің басым бөлігі Қазақстан Республикасы аумағында орналасып көршілес Өзбекстан Республикасында ішінара орналасқан трансшекаралық өзенге жатады.

Өзбекстанмен байланыс

Өзбекстанмен байланыс

Өзбекстанмен байланыс

Әлеуметтің әлеуеті артып келеді

Оңтүстік өңірде халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында бірқатар бағдарламалар қолға алынып, жобалар жүзеге асырылуда. Қазір облыста жер асты су қорын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы өңірде су қорын анықтауды қажет ететін 383 елді мекен болса, бүгінгі таңға соның 244-інде іздеу-барлау жұмыстары аяқталған. 2017 жылы 34 елді мекенде, ал 2019 жылға дейін қалған 105-інде тиісті жұмыстар атқарылады деп күтілуде. Бұл бағытқа 1,6 млрд. теңге бағытталған. Сондай-ақ биыл жаңадан 10 елді мекенді орталықтандырылған ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде ауыз сумен қамтылған елді мекендер саны 628-ге жеткізілетін болады. Бұл өңірдегі тұрғындарды қамту деңгейін 74,4%-ға көтереді. Жалпы 2020 жылға 702 елді мекендерге ауыз су жүйесін жүргізіп, тұрғындардың қамту деңгейін 83,2% жеткізу жоспарлануда. Бұл ретте ауыз суды тұрғындарға үздіксіз 24 сағат беруге назар аударылатын болады. «Биылғы дайындық жұмыстарының жоғары деңгейде атқарылуына байланысты өңір топан судан зардап шеккен жоқ. Алайда  мәселені зерттеп-зерделегенімізде жыл сайын 2 млрд текше метр судың ағып кететіндігіне  көз жеткіздік. Ауыл шаруашылығына бейімделген және жаз айларында су тапшылығына ұрынатын аймақта көктемгі тасқын суды тиімді мақсатқа пайдалану ең басты мәселе болып табылады. Сондықтан да облыстың аумағында әзірге 16 шағын су қоймаларын салып, суармалы егістік алқаптарын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Аталған нысандар аймақты тасқын судан қорғап, егіншілікті дамытуға тікелей септігін тигізетін болады. Енді бюджеттен қосымша 250 млн теңге қаржы қарап, тағы да тоғандар мен су қоймаларын салу үшін тиісті жобалау, жоспарлау жұмыстарын жүргіземіз»,- дейді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев.

null

null

null

Баспана түйткілі: 6 мыңнан астам отбасыны қоныс тойы күтіп тұр

Облыстың бас шаһары - Шымкент пен аудан, қала орталықтарының сәулеттік келбетін заманауи талаптарға сәйкестендіру, көпқабатты үйлердің қасбетін жөндеу, аумағын абаттандыру мәселесі маңызды екені анық. Өңірде жалпы 3 152 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде 1 581 күрделі жөндеуді қажет етсе, 183-інде аяқталды. Алдағы 4 жылда жалпы 488 көп қабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізіліп, жөндеуді қажет ететін үйлер үлесін 28,8%-ға  дейін төмендету көзделуде. Баспанамен қамтамасыз ету бойынша қажеттіліктерді кезең-кезеңімен шешу үшін 2016 жылы 530 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылған. Енді 2017 жылы жалпы 700 мың шаршы метр баспана тапсыру жоспарда бар. Осылайша, ағымдағы жылы 6 мыңнан астам отбасыны қоныс тойы күтіп тұр.

1

Тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында жаңадан «Нұрлы жер» бағдарламасы іске асатыны да белгілі. Жеке тұрғын үй құрылысы бойынша Шымкент қаласында пилоттық жоба ретінде 76 гектар  алқапта 293 үйге арналған  «Бозарық» және 180 гектар алқапта 1 050 үйге арналған  «Таскен» коттеджді қалашықтар салынып жатыр. Жалпы, облыста тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында 2017-2021 жылдарға арнайы концепция дайындалып, болжамға сәйкес алдағы 5 жылда 4 млн. 817 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.

4 

Оймызды Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиевтің сөзімен сабақтасақ, Жансейіт Қансейітұлы қызметке жаңадан келгенінде Шымқаланың аты затына сәйкес еместігіне назар аударған еді. Шын мәнінде жасыл қалаға айналуға тиісті шаһардың орталығын тырбық ағаштардың басқандығын, қаланың жалаңаш көрінетіндігін, халқының саны бір миллионға жеткелі отырған қалада демалыс орындарының аздығына қынжылысын білдірген. Көптеген өркениетті елдерде шатқал, сайлар, қыраттар қала басшылығының іскерлігінің арқасында тамаша демалыс орындарына айналған. Осындай жақсы тәжірибелер ескеріліп, облыс басшысының бастамасымен Шымкентті жасыл қалаға айналдыру мақсатында «Шатқал» бағдарламасы қолға алынған еді.

2

 Облыс әкімі бұл жөнінде Астана даңғылы бойындағы 25 гектар, Төлеметов көшесіндегі 38 гектар, Тассай тұрғын үй алабындағы 25 гектар, Бозарық шағын ауданындағы 40 гектар аумақта қоғамдық демалыс орындары ашылады деді. Шымкенттің шеттеріндегі шатқалдар қараусыз, құм-тас алатын аумаққа айналып кеткен. Ал, шетелдік дәстүрде мұндай табиғи ландшафтар ерекше аймақ ретінде саналады. Енді шатқалдар қала тұрғындарының, қонақтарының сүйікті демалыс орталығына айналады.Сонымен бірге 34 гектарды құрайтын ескі қоқыс полигоны аумағында жаңа саябақ салынады.

3 

Қазіргі таңда Шымкент қаласында жалпы аумағы 300 гектарды құрайтын 8 саябақ бар. Сонымен қатар, 104 көшеде ағаш отырғызылған. Алдағы уақытта «Шатқал» бағдарламасы аясында 47 шатқал пайда болғанда жалпы орманды алқап көлемі 16 мың гектарға жетеді деп жоспарлануда. Облыс орталығының әрбір тұрғынына кемінде шамамен 16 шаршы метрлік жасыл желек қажет. Бұл қажеттілікке аталған бағдарлама толық іске асқанда қол жеткізілмек. Аймақ басшысы алдағы уақытта ел игілігіне тапсырылатын шатқалдарға шығыс әдебиетінің көрнекті өкілдерінің яғни ақын, ғұлама, ойшылдарының есімдері берілетінін айтты. Шатқалдарға ұлы ойшылдардың өсиет, нақыл сөздері тасқа қашалып жазылып, өскелең ұрпақты рухани тәрбиелеу көзделуде.

Оңтүстік Қазақстан - ежелгі өркениеттер ізі қалған киелі мекен

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев оңтүстік өңірге сапарларының бірінде: «Оңтүстік Қазақстан -қазақы­лықтың қаймағы бұзылмаған өлке. Бұл - абыздар мен әулиелердің қасиеті дарыған, Қожа Ахмет Яссауи мен Әл-Фарабидің ізі қалған, көне мәдени мұраға бай киелі жер» деген еді.

null

Шындығында, Оңтүстік Қазақстан облысы елімізде ежелгі өркениеттер жері саналады. Ұлы жібек жолы жерінің қиылысында оңтүстік өңірінің жері қазақ мемлекетінің бесігі болып есептеледі. Бұл мекен тарихи ескерткіштерімен әйгілі - қорғандар, бекіністер, ежелгі қалалық кесенелер, тұрғындардың қоныс қалдықтары жетерлік.

Облыста 802 тарихи және мәдени ескерткіштердің ішінен 528 археология ескерткіштері, 42 тарихи ескерткіштері, 226 архитектулық ескерткіштер бар.  Ежелгі қалалардың ішінде Түркістан шаһары ерекше орын алады. XVI-XIX ғасырдағы Ұлы Жібек жолында орналасқан Түркістан қаласы Қазақ хандығының астанасы және түрік тілді халықты адамдардың орталығы. Қазақстанның архитектураның монументалды ескерткіштердің, қасиетті орны болып есептеледі. Сондай-ақ діни орталықтардың бірі, екінші Мекке ретінде маңызды болып есептеледі.

null 

ЮНЕСКО аясында аталып өтілген Түркістанның 1500 жылдығы мерейтойында Елбасымыз  Нұрсұлтан Назарбаев: «Он бес ғасырлық тарихы бар бұл қаланың мерейтойы тек Түркістанның ғана емес, Қазақстан Республикасының, бүкіл түркі тілдес халықтардың да мерейін үстем ететін игілікті шара. Ендігі мақсат - Түркістан қаласын Орталық Азиядағы аса маңызды мәдени, рухани, ғылыми, сауда-экономикалық орталық ретінде одан әрі абаттандыра беру болып табылады», - деді.

Айта кетейік,  XIV-XV ғасырларда әйгілі Әмір Темірдің бұйрығымен құрылған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО әлемдік мұралар ескерткіштерінің тізіміне 2004 жылы енгізіліп, ежелгі қасиетті орындардың ортағасыр сәулетінің киелі мекені болып отыр. Ондағы Әзірет сұлтанының тарихи-мәдени ордасы, Қожа Ахмет кесенесінен басқа шығыс моншаны, кесене Тимур Рабидің немересі - Сұлтан Бегім тұрған және басқа ескерткіштер Құмшық ата үшін жер асты үй болған жерді де қамтиды. Ал, Арыстан баб кесенесі - Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы жерленген орны болып келеді. Аңыз бойынша, о дүниеге кетер алдында Мұхаммед пайғамбар Арыстан бабқа аманат тас биғын берді, ал ол 11 жастағы бала Қожа Ахмет Яссауиге ұсынды. Арыстан баб кесенесі жанында емдеу қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар. Түркістанның солтүстігінде 40 км шақырықта Ұлы Жібек жолы бағытындағы ежелгі қала Сауран (XVII ғ.) бейнелеу жазылымдары сақталған.

null

Ең қызықты сәулет ескерткіштері IX-Xll ғ.ғ. Қарахандықтар дәуірімен байланысты. Бұл Ұлы жібек жолының бағытында жақсы дамыған қалалардың бірі, сәулет қазбалық жұмыстарынан кейін тарихи мәдени Отырар оазисі туристік объект болып келеді. Тарихи орын Ордабасы қазіргі уақытта тарихи қорық ретінде қамтылған.

Шымкенттен 30 шақырым қашықтықта орналасқан киелі жерде XVIII ғ. басында Батыс моңғолдарға қарсы қазақтар біріккен болатын. Ақсу-Жабағалы петроглифтері және шыңды суреттер де қазірде саяхатшылар жиі келетін аймаққа айналып отыр. 1926 жылы құрылған Ақсу-Жабағалы қорығы, Қазақстан және Орта Азияда алғашқы қорықтардың бірі саналады. Археологиялық табылулардың орны болатын, Қазақстанның сұлу жерлерінің бірі.Мұнда  Қарабастау жерінде 140 миллион жыл - Юр кезеңінде бұрын өмір сүрген өсімдіктер және жануарлар қалдықтары бар. 

Этноқалашықтар бой көтеріп келеді

Тамаша табиғаты мен киелі жерлерге бай мекенде туризмді дамыту жұмыстары қарқын ала бастаған. Бұл мекенді тіпті туризмнің  отаны ету бағытында шетелдік тәжірибелер енгізіліп жатыр. Мәселен, Түркістан қаласын тарихи-мәдени және туристік орталық ретінде көркейту мақсатында «Көне Түркістан» жобасы әзірленіп, ЮНЕСКО-ның келісімімен жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылы Түркістан қаласына келушілер санын 1,5 млн. адамға жеткізу жоспарланып отыр. Сол сияқты Шардара ауданында жағажай туризмін дамыту мақсатында 500 жұмыс орнын құру және жаз мезгілінде 150 мың адамға қызмет көрсету жоспарланып отыр. Мұнда 60 туристтік нысан салынып, оған 6,7 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылады деп жоспарлануда. «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында облыс әкімдігі және өңірлік туристік ұйымдармен бірлесе отіріп, көрме қонақтарына арналған туристік маршруттар әзірленді.

null

Маршруттардың бойындағы инфрақұрылымды жетілдіру мақсатында бүгінде жол көрсеткіштердің бірыңғай дизайны әзірленіп, маршруттардың бойында орналастырылуда. Туристік нысандардың айналасын санитарлық талаптарға сәйкестендіру бойынша қажетті шаралар қолданылуда.  «Ханқорған», «Сайрам», «Ескі шаһар, Шымкент», «Күлтөбе», «Көне Түркістан», «Оқсыз» арнайы бағыттамалары ашылған жағдайда көптеген жұмыс орындары ашылып, салық көбейіп, туристік сауда түрлері дамып келеді.

null

Отырар ауданы, «Бестораңғыл» елді мекенінде қазақтың ұлттық салт - дәстүрлерін паш еткен «Алаш» этнографиялық ауылы ашылды. Жеке кәсіпкер Алмас Сыздықбеков «ЭКСПО-2017» көрмесіне  орай ашқан этноауылға АҚШ, Сингапур, Польша, Франция, Германия сияқты әлемнің тағы басқа 20 елінен қонақтар келуде. Мұнда салт - дәстүр шаралары  мен ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылып, қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдардың көрмесі қойылады.   «Алаш» этноауылы алдағы уақытта басқа да қонақтарды қабылдап, қазақтың байырғы тіршілігімен, ұлттық салт -дәстүрлерімен таныстыруды дамыта беретін болады. Ал, Түркістан шаһары биыл «Түркістан түркі әлемінің мәдени астанасы» статусын иелініп, соның нәтижесінде Түркістан мен Шымкент қаласында 40 халықаралық шара өткізіліп жатыр. Бұл статустың аясында Оңтүстіктің мәдениеті мен өнерін халықаралық деңгейге шығаруға мүмкіндік туып отыр. Мұндай жоба бауырлас елдер арасындағы байланысты тереңдетіп, бірлік пен мәдени қарым-қатынасты күшейтеді деп күтілуде.

null

Еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштердің 80 пайыздан астамы Оңтүстік жерінде орналасуы да туризм индустриясын жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді. Бұл бағытта 3 басымдыққа көңіл аударылуда. Біріншісі - туристік инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде серпінді жобаларды жүзеге асыру. Олар Түркістан, Шардара, Сарыағаш, Қасқасу кешендері. Екіншісі, қызмет көрсету сапасын арттыру болса, үшінші басымдық - өңірдің туристік әлеуетін насихаттау және жарнамалау. Облыста «Қасқасу» тау-шаңғы курорты, «Сарыағаш» жаңа курорт қалашығы, Түркістан мен Отырарда тарихи-танымдық туризм кешені, ал Шардарада жағажай туризмі дамытылатын болады. Нәтижесінде, 2021 жылы ішкі туризм көлемін 220 000 адамға және кіру туризмінің көлемін 20 000 адамға  арттыру көзделуде.

Шымкент қаласының орталығында ескі қалашықтың орны бар. Ескі қаланың тарихын түгендеу түгіл бір күндік алаңсыз ас ішу қиын болған замандарда осы мәдени ескерткіш сүріліп кетуге шақ қалған. Жан-жағын қидалап кесіп, құрылыс базары бой көтерді. Үстіңгі қабатын тесіп шағын тұрғын үйлер салынды. Тегістеліп кетуге шақ қалған. Алла қалап, археолог-ғалымдар мен журналистердің жан айқайы арқасында осы қалашық аман қалды. Бүгінде облыс әкімдігінің араласуымен ескі қалашық аспан астындағы ашық мұражайға айналатын болды.Енді ондағы базар, тұрғын үйлер сүріліп, оның орнына бүрынғы қаланың көне ескерткіш қорған қабырғалары салынатын болады. Қазба деректер Көне шаһардың  шын жасы 2200 жыл екендігін дәлелдегенін ескерсек, көне қалашық туристер үшін де құнды жәдігер болатыны анық.

Соңғы жаңалықтар