Өскеменнің трамвай паркі қалпына келтіріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Өскемен қаласының трамвай паркі желісі үш есеге ұлғайтылатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңір басшысы Даниал Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өскемен қаласы трамвайының тарихы тереңде жатыр. Бүгінде трамвай паркі тығырыққа тіреліп отыр десек те болады. Аталған парктің иесі Успенский мырза жартылай банкроттық жағдайда. Қазіргі уақытта желіге сонау Кеңестік дәуірден қалған 7-9 трамвай ғана шығып жүр», - деді ол.

Осы ретте ШҚО әкімі қаланың трамвай паркін дамыту жоспарымен де бөлісті.

«Біз қазіргі уақытта жобасын дайындап қойдық. Таяу уақытта трамвайлар санын үш есеге арттырып, сырт келбетін қалпына келтіретін боламыз. Бұл проблеманы білеміз, оны қалай шешу қажет екендігін де түсінеміз. Үшінші тоқсанның соңына дейін бұл проблема нақты шешіледі. Қала тұрғындары 3 есе көп трамвайларды пайдалана бастайды», - деді Ахметов.

Өңір басшысының сөзіне қарағанда бұл жобаны жүзеге асырудың заңдың процедуралары ғана қалып отыр. Оны ЦентрКредит банкі жүргізуі қажет.

Соңғы жаңалықтар