Өскемендегі Гавань ауданында тұрғындар эвакуацияланып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының орталығын жиналған судан тазарту жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәл қазір қалада 32 үй және 75 аула маңындағы аумақ су астында. 12 учаскеде өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Бұдан тыс, 20 учаскеге жергілікті атқару органдары мен коммуналдық қызметтердің жеке құрамдары мен техникасы жұмылдырылған.

Гавань ауданында Шығыс өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Су басқан жерден 11 адам көшірілді, олар өз туыстарын паналады.
null null 

Шемонаиха, Глубоков, Ұлан аудандарында да судан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Қазір облыста 40 үй және 100-ден астам аула маңындағы аумақ су астында.
null null null 

Қазірге дейін 11 мың текше метр су шығарылып, 3000-нан астам инертті материалмен толтырылған қап төселді.

Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстанға Павлодар облысының құтқарушылары көмекке аттанған болатын.

Ертең, синоптиктердің айтуынша, толассыз жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы 28м/с-қа дейін жетеді.

Соңғы жаңалықтар