Өскеменде жаңа цех жанып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Өскемендегі айналма жолдың бойында орналасқан «Мелисса» ЖШС-ның OSB тақта жасайтын цехы өртке оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы түнгі сағат 12-лердің кезінде өрт сөндіру бөліміне қоңырау келіп түскен. Өрт сөндірушілер жалынды сөндіру үшін бес сағат әуреленді. Отқа оранған мың шаршы метр аумақ толығымен күлге айналды. 

Құтқарушылардың хабарлауынша, оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген. OSB тақта жасайтын цехта демалыс күндері ешкім жұмыс істемейді. Қазір өрттің шығу себептері анықталуда.
Әзірге белгілісі өндіріс биыл ғана ашылған, кәсіпорын өнімін ел нарығына шығара отырып алыс жақын елдерден келетін импортты қысқартуды көздеген.

Соңғы жаңалықтар