Өскеменде робот ота жасайды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 26 наурыз күні Өскемендегі  №1 қалалық ауруханаға орнатылған хирургиялық роботтандырылған жүйе алғашқы отасын жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл отаға Италиядан арнайы шақырылған профессор Стефано Джидаро басшылық етпек. Senhance роботтандырылған хирургиялық жүйесі аса күрделі эндоскопиялық оталарды көрінбейтін дене бөліктері арқылы жасауға мүмкіндік береді. Оны хирургтің сенімді асистенті деп атауға да болады. Өйткені ота құралдарын хирург роботтандырылған жүйе арқылы басқарып қана тұрады.

«Италиялық профессор Стефано Джидаро біздің мамандарды осы технологияға оқытудың екінші кезеңіне келмекші. Соның аясында аталмыш шеберлік сағаты өткізеді» - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов.

Соңғы үлгідегі бұл робот елімізде теңдессіз хирургиялық жүйе саналады. Аталмыш кешенді Өскеменге жеткізген «Медициналық-инновациялық технологиялар» орталығы Еуразия экономикалық одағы аумағында сала үздігі ретінде танымал.

Соңғы жаңалықтар