Өскеменде Ақан Сатаевтың жаңа екі кинотуындысына кастинг өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Sataifilm» компаниясы осы уақытқа дейін Астана, Қостанай, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семей қалаларында кастинг өткізіп үлгерді. 29-30 маусым күндері Өскеменде өтетін іріктеуден кейін  кастинг-тобы елдің оңтүстігіндегі қалаларды араламақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Қазақфильм» киностудиясы мен «Sataifilm» компаниясы «Көшбасшы жолы. Астана» және «ТОМИРИС» көркем фильмдері бойынша кастинг жариялаған болатын. Бүгін және ертең киноға түсушілерді таңдап алатын топ Өскемендегі облыстық Драма театрында (Сәтбаев даңғылы) іріктеу өткізеді. Кастинг сағат таңертеңгі сағат 9:00-де басталады.

Ұйымдастырушылар іріктеуге жасы 16-дан асқан азаматтарды шақырады. Жеке бас мәліметтерін [email protected] поштасына жіберуге болады. Аталған электронды поштаға өзіңіздің бойыңыз, туған жылыңыз, байланыс телефоныңыз, салмағыңыз, ұлтыңыз, жұмыс орныңыз және тағы да басқа ақпараттарды жолдау керек. Сонымен қатар, фотосуретті де жолдау міндетті. Ең алдыңғы кезекте театр және кино актерлары қабылданады.

Еске сала кетсек, кастинг шілде айының соңында аяқталып, нақты таңдау қыркүйекте жасалады. Актерлық құрам бекітілгеннен кейін «Көшбасшы жолы. Астана» фильмінің түсірілімі басталады. Ал «Sataifilm» компаниясының өкілдері толық метражды, қойылымы күрделі «Томирис» фильмінің түсірілімін бастауды 2018 жылға жоспарлап отыр.

 

 

Соңғы жаңалықтар