Орынборда Ақтөбе облысының күндері өтті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Орынборда Ақтөбе облысының күндері өтті. Кездесу кезінде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Орынбор губернаторы Юрий Бергті ЭКСПО көрмесін тамашалауға шақырып, билет сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеліктер Орынбордың Юрий Гагарин атындағы алаңына 6 ағаш үй тігіп, қала тұрғындарын этноқалашыққа шақырды. Бұл жерде қолөнер шеберлері арнайы шеберлік сабақтарын өткізіп, екі өңірдің денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы қызметкерлері өзара тәжірибе алмасты. Ал саябақта кәсіби суретшілердің жәрмеңке-көрмесі ұйымдастырылды.

null

Ресми кездесу кезінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Орынбор облысының губернаторы Юрий Бергті ЭКСПО көрмесіне шақырып, билет сыйлады. «Біз қазақстандықтардың халықаралық көрмені өткізуге тиянақты дайындалып жатқандығын көріп тұрмыз. Оның жемісті өтуі үшін Астанада арнайы «ЭКСПО» бірегей қалашығы тұрғызылып жатыр. Біз міндетті түрде көрмеге барамыз», - деді Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг.

null

Ақтөбеліктер Орынборда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізді. Шаруа қожалықтары 20 тонна сиыр, жылқы, шошқа және тауық  етін, 10 тонна күнбағыс майын, 3,5 тонна сүт өнімдері мен 9 мың дана жұмыртқа, ұн мен макарон, кондитер өнімдерін апарды. Қазақтың ұлттық тағамдарынан тары-жарма, шұбат ұсынылды.

null

«Екі елді тек мәңгілік достығымыз бен одақтастығымыз туралы келісімшарттар мен деклорациялар ғана емес, сонымен қатар, экономика, сауда, мәдениет және өзге де салалар байланыстырады. Соңғы 25 жыл ішінде Қазақстан мен Ресей экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуда үлкен жетістіктерге жетіп, сара жолдан өтті. Мен мұндай шаралардың екі жақты, тату көршілік қатынастардың дамуына себепші болады деп ойлаймын. Ұрпақ алдындағы міндетіміз - достығымызды сақтау», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

null

Орынбордағы Ақтөбе облысының күндері аясында өңір басшысы Б.Сапарбаев сол жақта білім алып жатқан ақтөбелік  жастармен кездесіп, ел ішінде атқарылып жатқан істерді айтып берді. «Болашақ», «Дипломмен ауылға», «Серпін-2050» бағдарламаларының мүмкіндіктері мен артықшылықтары сөз болды. Айта кетейік, қазіргі кезде 60 ақтөбелік Орынбордың ауыл шаруашылығы университетінде білім алып жүр. «Жыл басында Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жариялады. Елдің экономикалық, саяси және рухани жаңғыруының үшінші кезеңі басталды. Сіздердің алдарыңызда өмірге жаңа идеяларды әкеліп, жаңа белестерді бағындыру, елдің жетістігін арттыру міндеті тұр», - деді Бердібек Сапарбаев. 

null

Айта кетейік, Орынбор облысы Ақтөбе облысының маңызды сауда серігі болып табылады. 2016 жылы Ақтөбе облысы мен Ресей Федерациясы арасындағы өзара сауда айналымы 862,5 млн. АҚШ долларын құрады. Оның 85 млн. АҚШ доллары Орынбор облысына тиесілі. 

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар