Өрттен қаза болғандарды тексеру аяқталды - Сот сараптама орталығы

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Сот сараптама орталығы түні бойы жұмыс істеді. Барлығы 8 маман қаза болған адамдардың мүрдесінене зерттеу жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Ақтөбедегі сот сараптама ортылығы 50-ден астам адамның мүрдесіне сараптама жасау жұмыстарын аяқтап қалды. Оқиға орнына барлығы 4 маман барса, түні бойы 8 адам жұмыс істеді. Әзірге алдын ала қорытынды дайын болған жоқ. Сарапшылар қаза болған адамдардың жынысын да айта алмады.
null 

«Кеше Ақтөбе облысына арнайы келдім. Сарапшылар түні бойы жұмыс істеп, таңда жұмысты аяқтады. Қазіргі кезде кейбір зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмысты жалғастырып жатыр. Тергеу жүріп жатқан соң қорытындыны айта алмаймыз. Негізінен қаза болған адамдардың мүрдесі толық жеткізілді. Сарапта жұмысы кезінде Өзбекстандағы әріптестеріміз келіп, түні бойы жұмыс істеді»,- ҚР Әділет министрлігі «Сот сараптама ортылығы» РМҚК директорының орынбасары Назгүл Иманбаева.
null 

Мүрделерге сараптама жасауға «Сот сараптама ортылығы» РМҚК Ақтөбе облыстық филиалының қызметкерлері толық жұмылдырылды. Аудандағы сот сарапшылары да қатысты. Дегенмен көрші облыстар көмек көрсетуге дайын отырған.

«Адамдардың кім екенін анықтау жұмысы Ақтөбеде жүргізілмейді. Сонымен қатар, мүрделер Астанаға апарылмайды. Сараптама жүргізу өте қиын болды. Ауа райы да қолайсыз, күн аяз»,- деді Назгүл Иманбаева.
null 

Соңғы жаңалықтар