Орталық сайлау комиссиясында мүгедектердің сайлау құқықтары талқыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесімен бірге «Қазақстан Республикасындағы мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқығын жүзеге асыру мәселелері: қазақстандық және халықаралық тәжірибе» атты дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев еліміздің Конституциясына сәйкес әрбір азаматқа сайлау және сайлану құқығына кепілдік берілетіндігін атап өтті. Бұл ретте сайлау органдары мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау процесстеріне толыққанды қатысуларын қамтамасыз етуі тиіс. Атап өтілгендей, мұнан бөлек, Орталық сайлау комиссиясы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын жүзеге асыру және ол үшін арнайы жағдайлар жасау мақсатында қызығушылық танытқан мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға методикалық, үйлестірушілік көмек көрсетуге іс-шаралар жиынтығы жүзеге асырылатын болады.

Шара барысында ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің басшысы Д.Сабо, ҚР Ортсайлауком мүшесі Л.Сүлеймен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Жақыпова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» РҚБ президенті Ж.Омарбекова, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлау мәселелері жөніндегі сарапшысы П.Кабаченко, «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы» ҚБ-ның төрайымы Л.Қалтаева сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел отырысы барысында мүгедектердің сайлау құқықтарын жүзеге асырудағы жаңа мүмкіндіктері, оның ішінде сайлау учаскелерін және ғимараттарын жабдықтау кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау шаралары талқыланды.

Соңғы жаңалықтар