Орталық коммуникациялар қызметінің директоры шетелге оқуға бара жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Артур Нығметов шетелге барып білімін шыңдайтынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті достар, бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Артур Нығметовпен кездестім. Әңгіме барысында ол өзінің академиялық жоспарлары туралы баяндап берді, оның ішінде шетелде оқу жайындағы ниетін айтты. Тиісті стипендияны Артур алды. Осы орайда оның жеке таңдауына қолдау жасауды жөн көрдім», - деп жаздыФейсбуктегі парақшасында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Министр өз сөзінде қысқа мерзімде Артур Нығметов Орталық коммуникациялар қызметінің жұмысын тиімді түрде құрғанын, бұл тұрғыда бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды ретке келтіргенін, сондай-ақ өңірлік қызметтермен жұмысты бірыңғайлап, сарапшылар қауымдастығымен тығыз байланыс орнатқанын атап өтті.

«Артурға алғысымды айтып, жоспарын жүзеге асыруға сәттілік тілеймін!», - деді Д. Абаев.

Естеріңізге сала кетейік, биыл мамырда Артур Нығметов Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды .

Артур Нығметов -  Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің  (2007 ж.), Мәскеу саяси зерттеулер мектебінің  (2008 ж.) түлегі.   SIPU International - швед мемлекеттік және муниципальдық басқармасында тағылымдамадан өткен.

Жеке коммерциялық телевидениеде жаңалықтар қызметінің редакторы, авторы, телебағдарлама жүргізушісі болды. Медиалық технология орталығының директоры, «Нұр Отан» қоғамдық саяси партиясы институтының қолдауымен  «SarapTime» сарапшылық клубының басшысы болған. 2015 жылы Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар