Орталық Азия омбудсмендері ынтымақтастық мәселелерін талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Ұлттық құқық қорғау мекемелері Жаһандық альянсының жыл сайынғы кездесуіне қатысу үшін Женева қаласына жұмыс сапармен болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Альянс отырысының күн тәртібіне қарттар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғау мәселелері кірді. 117 елдің ұлттық құқық қорғаушылары қатысқан шарада омбудсмен Қазақстанда жүргізіліп жатқан мемлекет пен қоғамды жаңғырту жұмыстарымен, мекеме қызметінің тәжірибесімен бөлісті.

Жекелеген топтар аясында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның омбудсмендері Орталық Азия елдерінің ұлттық құқық қорғау мекемелерінің өңірлік әріптестігі тақырыбында сайд-ивент өткізді. Оған Жаһандық альянс, БҰҰ Даму бағдарламасы және БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Басқармасының өкілдері қатысты.  Ынтымақтастық форматы аталған халықаралық ұйымдардың қолдауымен Қазақстан омбудсмені мекемесінің бастамасы бойынша құрылды.

Орталық Азия елдері омбудсмендерінің бірінші жұмыс кездесуі 2017 жылдың қарашасында Алматыда қаласында өтті, онда бірлескен жұмыстың «жол картасын» әзірлеу туралы келісімге қол жеткізілді.

Бұл ретте Женевадағы кездесу аталмыш ынтымақтастықтың алдағы уақыттағы бағытын анықтады. Қатысушылар Орталық Азияда көші-қон үдерісіне араласқан балалардың құқықтарын қорғау тақырыбы бойынша кезекті өңірлік кездесу өткізу туралы келісті.

Жалпы алғанда, өңірдегі Ұлттық құқық қорғау мекемелері арасындағы өзара іс-қимылдың қарқындылығы ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстанда Орталық Азия мемлекеттері көшбасшыларының кездесуімен сәйкес келеді.

Соңғы жаңалықтар