Орман Нұрбаев «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болды

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен ұлттық компанияның басқарма төрағасы қызметіне Орман Кәрімұлы Нұрбаев тағайындалды, деп хабарлады бүгін primeminister.kz.

О. Нұрбаев Красноярск ӘШҚҚ радиоэлектроника жоғарғы командалық училищесін инженер мамандығы бойынша және ҚР Президенті жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару мектебін халықаралық қатынастар саласында тәмамдаған.

Әртүрлі жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде, сонымен қатар бірқатар қазақстандық шетелдік мекемелерде қызмет еткен.

Соңғы жаңалықтар