Өркеннің анасы баласы қаза табатын күні жайсыз түс көргенін айтты

None
None
ҚАСКЕЛЕҢ. ҚазАқпарат - Өгей шешесі және оның балаларының қолынан мерт болған 11 жастағы оқушы Өркен Азаматұлының анасы Айжан баласының қазасы туралы қалай естігенін сотта айтып берді. Өркен жоғалып кеткен түні анасы жайсыз түс көріп шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Өркеннің анасы Айжан Қыдырмолданованың айтуынша, ол оқиғаға дейін бірнеше күн бұрын Алматыға жұмыс іздеп келген.

«Сол күні көзім ілініп кетті. Бұл күндізгі сағат 2-4-тің арасы. Сағат 6-00-де Өркеннің мұғалімі келіп, оны іздеп таба алмай жатқанын айтты. Сосын, бәріміз жабылып іздеуге кірістік. Келесі күні мектептің бейнебақылау камераларын тексерттік. Кадрден Өркенді бала жетектеген әйел ертіп кеткенін көрдік. Әйелді тану қиын еді, ал баланың Шәрипа Ақбердиеваның кішкентай қызы екенін таныдым», - дейді Өркеннің туған анасы Айжан.

Өз сөзінде ол Өркеннен өгей шешесімен қарым-қатынасы қандай екенін сұрап тұратынын айтты.

Өркен: «Аида мамам өте жақсы», деп айтатын», - деді ол.

Шәрипа Ақбердиеваны отбасындағылар не үшін «Аида» деп айтқаны әзірге анықталған жоқ. Сотта Шәрипа Ақбердиеваның үлкен қызы Айдана кісі өлтіру туралы жоспарының бар екенін білмегенін айтты.

Оның айтуынша, шешесі Өркенді оның әкесімен сөйлескенше ұстай тұратынын айтқан.

Бұған дейін хабарланғандай, баланың өгей шешесі бұл қылмысқа енесі мен күйеуінен өш алу үшін істегенін айтқан.

Соңғы жаңалықтар