Оралдықтар Масленица мейрамын атап өтті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында тұрғындар дәстүрлі Масленица мейрамын кеңінен тойлады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Мерекеге қатысқан Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақовтың атап өткеніндей, Елбасының салиқалы саясаты нәтижесінде елімізде сан ұлт өкілдерінің тілін, салт-дәстүрі мен мәдениетін дамытуына барынша жағдай жасалған. Олар тату-тәтті өмір сүріп қана қоймай, түрлі мейрамдарын да бірге тойлап келеді. Мұның жарқын мысалын Масленица мерекесінен көруге болады. Бұған да өңірдегі барлық этномәдени бірлестіктер өкілдері көтеріңкі көңіл-күйде атсалысты. Көп ұзамай көктем келіп, Көрісу айт басталып, барша халықты бірлік пен ынтымаққа шақыратын Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы жаппай тойланатын болады.

Қысты шығарып салуға мың шақты қала тұрғындары келіп, спорттық сайыстар мен түрлі көңілді ойындарға белсене қатысты. Құймақтан, басқа да ұлттық тағамдардан дәм татты.

Айта кетейік, көктемнің хабаршысындай бүгін күннің қызуынан  қар  молырақ еріп, көше жолдарына су толып, жүріс-тұрысты қиындатты. 

Соңғы жаңалықтар