Оралдағы жәрмеңкеде сегіз жүзден астам бос жұмыс орындары ұсынылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында жастарды жұмыспен қамтуды көздейтін бос жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық жетекшісі Мержан Әбілқастың айтуынша, биыл осымен үшінші жәрмеңке ұйымдастырылып отыр. Бұл жолы Орал қаласы мен облыс аудандарынан 48 жұмыс беруші қатысты. Жәрмеңкеде қарапайым жұмысшыдан бастап басқарушы қызметкерлерге дейін 868 бос жұмыс орны ұсынылды.
null 

Жәрмеңкеге негізінен студенттер мен түрлі оқу орындарын бір-екі жыл бұрын бітірген жастар келді. Жұмыс берушілердің сөзіне қарағанда, арнаулы оқу орындарын бітіргендердің өзі жалақысы жоғары қызметке тұрғысы келеді. Мұндай қызметтің бірден табыла қоюы, әрине, қиын. Дегенмен жәрмеңкеде қаладан ғана емес, аудандардан да бос жұмыс орындарының ұсынылуы таңдау аясын кеңейтті.
null 

Сонымен қатар жәрмеңке аясында шеберлік сағаттары  ұйымдастырылды. Мысалы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік филиалының мамандары жастарға өз ісін қалай бастау керектігі туралы кеңес берді. Тағы бір шеберлік сағатында тыңдаушылар жұмыспен орналасуға мүмкіндік беретін өзін-өзі таныстыру, түйіндемені жасау, әңгімелесуден өту жолдары жөнінде мағлұматтар алды.
null 

Соңғы жаңалықтар