Оралда жер телімдерін жалдау құқығы 28,2 млн астам теңгеге сатылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Бүгін Орал қаласы әкімдігінде коммерциялық бағыттағы нысандар құрылысы үшін жер телімін жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аукционға барлығы 10 жер телімі қойылғанымен, біреуі бойынша бір ғана адамнан өтініш түскендіктен, ол лот өтпеді.

Орал қаласы жер қатынастары бөлімінің басшысы Арман Бисимбалиевтің айтуынша, тоғыз жер телімін жалдау құқығы 28,232 млн теңгеге сатылды. Соның ішінде Зачаган кенті Қ.Жұмалиев көшесіндегі 0,15 га жер телімі ең қымбатқа (5 млн астам теңге) түсті. Сондай-ақ осы кентте Жәңгір хан көшесі бойындағы 2 гектар жерді жалдау құқығы 3,6 млн теңгеге сатылды.

Айта кетейік, өткен жылдан бері Орал қаласында үш аукцион, бір конкурс өткізіліп, одан 72,3 млн теңге түсті.

Жер телімін сатып алғандар оны үш жыл ішінде мақсатты пайдаланып, игерсе, кадастрлық құнын қоса төлеп, жеке меншігіне аудара алады. Олай болмаған жағдайда жер телімі мемлекетке қайтарылады.

Оралда 10 жер телімі аукционға қойылғанын бұдан бұрын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар