Оралда жас дәрігерлер бас қосты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан жоғары медицина колледжінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған БҚО жас дәрігерлерінің «Дәрігердің күші оның жүрегінде» атты патриоттық форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

null
Екі жүзден астам жас дәрігер қатысқан шарада облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжановтың атап өткеніндей, еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде денсаулық саласында да көптеген өзгеріс-жаңалықтар болды. Қазіргі таңда дәрігерлерге өз кәсіби шеберлігін шыңдап, білімін жетілдіруге барлық мүмкіндік бар. Олар «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде де білім-білігін көтере алады. Әсіресе, жас дәрігерлердің мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсене қатысуына жағдай жасап, жан-жақты қолдау көрсетудің маңызы зор. Соңғы жылдары «Дипломмен - ауылға» жобасы аясында дәрігер мамандар ауылдық жерлерге көптеп орналасуда. Осындай игі дәстүрді жалғастыра беру керек.

null  

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамидолла Ирменов әр медицина қызметкері өз орнында білікті әрі сапалы жұмыс жасай білсе, еліміздің одан әрі дамуына қосылған нақты үлес болатындығын жеткізді.

Форумда «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып келгендер мен жас дәрігерлер өз ой-пікірлерімен, тәжірибелерімен бөлісті.

Шара барысында медицина қызметкерлері арасында өткізілген кәсіби байқауда озып шыққан жас мамандар марапатталды. Олардың арасында облыстық перинаталдық орталықтың анестезиолог-реаниматологы Дастан Қазайбеков, облыстық көп бейінді балалар ауруханасының хирургы Камиль Әушенов, Бөкей ордасы аудандық ауруханасының терапеві Ұлболсын Құспанова бар.

Жиын аясында дәрігерлердің күнделікті тыныс-тіршілігін көрсететін фотокөрме ұйымдастырылып, шара соңы концертке ұласты.

null  

Соңғы жаңалықтар