Оралда волейболдан БҚО әкімінің кубогы үшін жарыс мәреге жетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған волейболдан облыстық, қалалық, аудандық әкімдіктер және департаменттер арасында БҚО әкімінің кубогы үшін жарыс мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жарысқа әкімдіктермен қатар облыстық ішкі істер, ҰҚК, мемлекеттік кірістер департаменті, барлығы 17 команда қатысып, бақ сынады.


Финалда облыстық ішкі істер департаментінің волейболшылары тартысты бәсекеде аудан әкімі Әділ Жоламанов бастап шыққан Ақжайық ауданы әкімдігі командасын ұтып, жеңімпаз атанды. Үшінші орын үшін ойында қаратөбеліктер Тасқала ауданы әкімдігі командасын тізе бүктіріп, қола жүлдеге қол жеткізді. Сонымен қатар Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюпов «Үздік шабуылшы», зеленовтық Александр Шаталов «Үздік қорғаушы», БҚО әкімдігінен облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар «Үздік байланыстырушы», жаңақалалық Нұржан Бердіғалиев «Үздік тосқауыл қоюшы», бөкейордалық Тілеужан Қабденов «Үздік ойыншы», Орал қаласы әкімдігінен Зачаган кенттік округінің әкімі Құрманғали Байғаржанов «Турнир ақсақалы» атанды.

Жеңімпаз-жүлдегерлерге диплом, кубоктар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.


Соңғы жаңалықтар