Оралда үш адамның қанын жүктеген қылмыскерге үкім шықты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бүгін үш адамды өлтірген қылмыскерге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Сот талқысында белгілі болғанындай, Әділет Камалиев биылғы қыркүйек айында үш жасар ұлымен тұрып жатқан таныс келіншектің үйіне келген. Сол күні үйде келіншектің құрбысы да болған. Түнде жәбірленушілермен бірге  дастархан басында Ә.Камалиев сыра ішіп отырған. Сол кезде А-ға танысы телефон соғып, онымен сөйлескеннен кейін келіншек үйінен кетіп қалған.

Үйде қалған Камалиев екінші қыз В-ға өзінің А-ға үйленгісі келетінін айтқан. Бұған В. «Сен оған лайық емессің» деп жауап қайырған. Осы сөзді өзін төмендетті деп түсінген Камалиев мас күйінде В-ға 17 рет пышақ жұмсаған. Ол оқиға орнында көз жұмған. Содан кейін оқиға куәгері болған баланы байқап қалып, үстел үстіндегі қайшыны алып, оған 27 мәрте соққы жұмсаған. Ол бала да сол жерде жан тапсырған.

А-ның келуін күткен Камалиев оны үйге кіргізіп алып, сол қайшымен 48 мәрте соққы жұмсаған. Ол да оқиға орнында қаза тапты.

Қылмыстың ізін жасырмақ болған Камалиев газды қосып, үйге от қойып, есікті кілттеп, оқиға орнынан бой тасалаған.

Сот үкімімен Ә.Камалиев ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 3, 10, 13 және 14-тармақтарына сәйкес айыпты деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ол жазасын қауіпсіздігі төтенше қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде, соның ішінде бес жылын түрмеде өтейтін болады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, қанды оқиға биылғы 5 қыркүйекте Оралға қарасты Зачаган кентіндегі Южная көшесі 11-мекенжайында орын алған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар