Оралда тоғызқұмалақтан ел чемпионы атанған спортшыларға құрмет көрсетілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен тоғызқұмалақтан Қазақстан командалық чемпионатында жеңімпаз атанған БҚО құрамасы мүшелерін қабылдап, құрмет көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, С.Сүлеймен тоғызқұмалақ шеберлеріне алдағы жарыстарда да сәттілік тіледі. Оларға кубок пен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Шараға "Uniserv" компаниясы демеушілік етті.

Дәулет Әбдікәрімов жаттықтыратын тоғызқұмалақ шеберлері Қызылорда қаласында өткен командалық чемпионатта топ жарған болатын. Сонымен қатар осы біріншілік қорытындысы бойынша Жарасхан Сағынбаев ҚР спорт шебері атағына ие болған еді. 

Соңғы жаңалықтар