Оралда полиция қызметкерлеріне 50 автокөліктің кілті табыс етілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жеңіс алаңында Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған салтанатты шара өткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Жиынға қатысқан облыс әкімі Алтай Көлгіновтің атап өткеніндей, Елбасы тапсырмасына сәйкес ішкі істер органдарына барынша қолдау көрсетіліп келеді. Айталық, соңғы үш жылда саланың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 5 млрд. теңге бөлінді. 2017 жылы бюджеттен қосымша 1,5 млрд. теңге берілді. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау-көмектің нәтижесінде жаңа құрылыс нысаны салынып, автокөліктер алынуда. Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай өңірдегі полиция қызметкерлеріне 50 автокөліктің кілті табыс етіліп отыр. Бұл олардың өз қызметтерін табысты атқаруына септеседі. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында өңірлерде жергілікті полиция қызметі құрылғаны белгілі. Қазіргі таңдағы басты міндет - кез келген құқықбұзушылықтың алдын алып, қылмыс атаулыға тосқауыл қоя білу, «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру.

Шара барысында ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың мерекелік құттықтау жеделхаты оқылып, полиция қызметкерлеріне жаңа әскери шендері, министрліктің марапаттары табыс етілді. Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мақсұтхан Әбіләзімов баяндама жасап, саланың қазіргі жай-күйіне, алда тұрған міндеттерге тоқталды. Ішкі істер саласының ардагерлері мен жергілікті атқарушы органдардың басшыларына «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгісі тапсырылды. 

Ширек ғасыр уақыт ішінде қызмет бабында қаза тапқан 31 тәртіп сақшысы еске алынып, облыстық департаменттің арнайы бөліністері жауынгерлері мен жол қозғалысының жас инспекторлары жасағы жаттығу түрлерін жасады. Жиналғандар назарына концерттік бағдарлама ұсынылып, тәртіп сақшылары сахнаға шығып, өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік шара отшашуға ұласты. 

null

null

Соңғы жаңалықтар