Оралда өртенген тоңазытқыштың салдарынан 30 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гагарин көшесінің бойындағы 10 қабатты тұрғын үйде сағат 13:00-де өрт шықты, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталы. 

Көпқабатты үйдегі тұрғындардың бірінің айтуынша, өрт екінші қабаттағы қоймадан шыққан.

«Екінші қабаттағы қоймада машина резеңкесі, тоңазытқыш пен басқа да құрылыс қоқыстары жатты. Осы қоқыстың бәрі жанып кеткен. Жанған резеңкенің өткір иісі жоғарғы қабатқа көтерілді. Адамдар көшеге шығу үшін пәтерлерінен қашып шықты. Барлығы алды-артына қарамастан қашып кетті, себебі түтіннен ештеңе көрінбеді. Өрт сөндірушілер келгенде, тұрғындардың көпшілігі өздері шығып үлгерген еді. Мен қолыма ұлымды көтеріп алған едім, көк түтінге оранған подъезден өздігімнен шыға алмадым», - деп түсіндірді үйдің тұрғыны Талғат Жұмаев.

Өрт болған подъездің терезесі ашылмаған, ғимаратты желдендіру үшін оны сындыруға тура келген.

Өрт сөндірушілер келгенде үйдегі жарық жүйесі өшірілді.

БҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, 10 қабатты тұрғын үйдің 2 қабатындағы тоңазытқыш пен 15 шаршы метрдегі заттар отқа оранған.

«30 тұрғын эвакуацияланды, соның 8-і балалар. Өрт сөндіруге барлығы 8 техника мен жеке құрамның 20 өрт сөндірушісі қатысты», - деп түсіндірді БҚО ТЖД-да.

Соңғы жаңалықтар